ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

17:15, 6 мамыр 2020

Жауды жеңіп елге аман-есен оралған майдангерлердің саны күннен-күнге азайып  барады. Облыста Жеңістің 75-ші көктемін 52 ардагер қарсы алады. Биыл қарт жауынгерлердің әрқайсысына мерейтой қарсаңында 1 миллион теңге көмек берілді.  Сондай-ақ, жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Солтүстік Қазақстаннан 74 мыңнан астам жауынгер аттанды. Өкінішке қарай, оның 32 мыңы қан майданда қаза тапты.  Елге мүгедек болып оралғандар да аз емес. Қазіргі таңда өңірде көзі тірі 52 ардагер бар. Оның 36-сы Петропавлда тұрады. Биыл ардагерлерге 1 миллион теңгеден жәрдемақы тағайындалды.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Үкіметіміз ол кісілерге деген қомқорлығын күннен-күнге көбейтпесе, азайтып отырған жоқ. Айтатын болсақ, биылғы жылдың өзінде әрбір соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге ақша бөлініп, 9-мамырға қарсы берілді деуге болады. Оның үстіне, өздеріңіз білесіздер 2018 жылдың аяғында Президенттер қол қойған. Жарлық бойынша 9 мамырдың құрметіне орай мерейтойлық медаль.Бүгінгі күні әрбір соғыс ардагеріне осы медаль берілмекші.»

Қару асынып, қан майданға аттанбаса да, тылда қалып Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан жандар да ұмыт қалмайды. Биыл Жеңістің 75-ші көктемін 7 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алады. Олардың әрқайсысына 30 мың теңгеден сыйақы берілді.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Соғыс кезінде Қазақстан 6 миллион тонна астық жіберген екен. Басқасын айтпағанның өзінде. Соныдқтан да бүгінгі күні тыл еңбеккерлерінің де алатын орны Ұлы Отан соығысында жеңіп шығуымызда өте зор деп айтуымызға болады.»

Жалпы, 524 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Соның 55-і солтүстікқазақстандық жауынгер. Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталмақ. Бірақ биыл қауіпті індетке байланысты Ұлы Жеңістің 75-жылдығы әдеттегідей кең көлемде аталып өтілмейді. 

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар