ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

«ЖАС ҰЛАН» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ

18:11, 4 мамыр 2018

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Әскери институт қабырғасында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» патриоттық спорттық сайыс өткізілуде. Додаға алдағы өмірін әскери өмірмен байланыстырам деген 100-ге жуық бозбала қатысты. Әскери форманы әзірше киіп көрмеген, алайда болашағынан үлкен үміт күттіретін жастардың  қызықты әрі ерекше сайысын  біздің арнаның түсірілім тобы  тамашалап қайтты.  

Бұл жарыс «Патриот» әскери-патриоттық айлығы  шеңберінде 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 10-ыншы сынып оқушысы Аян Төлеуов  осы сайысқа бірнеше жыл қатарынан қатысып жүр. Бос уақытында жеңіл атлетикамен, күреспен айналысып, футбол ойнайтын бозбала болашақта ұшқыш болуды армандайды,  сол себепті осындай жарыстардың өзіме берері мол дейді.

АЯН ТӨЛЕУОВ, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТ ОҚУШЫСЫ:

- Бүгін осы жарысқа осы құрамамен бірінші рет келіп отырмыз. Осы жарыста біздің мақсатымыз әрине бірінші орын алу. Біз өте көп дайындалдық. Бірінші орын аламыз деп үміттенемін. Болашақта мен ұшқыш болғым келеді. Ұшқыш болу үшін әрине денсаулығым жүз пайыз болуы тиіс. Физикалық жағынан жаттыққан болу керексің.

Қатысушылар саптық дайындық, бөгет аланың өту, ату, кросс, АК-74 автоматын бұзып-жинау, противогазды кию секілді тағы басқа әскери сайыстарда күш сынады.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, ӨҢІРЛІК ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жалпы бұл жарысқа 12 команда қатысып жатыр. Команданың құрамында 7 спортшы бар. Олар 10 спорт түрі бойынша жарысады. Бүгін осындай ауа-райының қолайсыздығына қарамастан олар екі күн бойы өздері осы жарыста жеңуге тырысады.

Сонымен қатар «Патриот» айлығының шеңберінде өңірімізде «Жас Ұлан» спартакиадасынан басқа «Батыр» және «Алау» спорттық ойындарын өткізу жоспарланып отыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жарыс

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...