ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ЖЕҢІС – БӘРІНЕ ОРТАҚ!

18:48, 23 сәуір 2018

Ұлы Жеңістің 73 жылдығының қарсаңында ресейлік жастар халықаралық медиаэкспедиция сапарымен жолға шықты. 22 күн ішінде Ресей, Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің 30 қаласын аралауға бел буған жастар, әрбір қалада соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, ардагерлермен және жастармен кездесуді мақсат етеді. Олар Қазақстанда алғаш болып Петропавл қаласына табан тіреді, әріптесім Самат Сапаралы жалғастырады.

«Жеңіс – бәріне ортақ». Петропавлға Ресейден бастау алған халықаралық медиаэкспедиция келді. Кеше кешкілік ресейліктерді солтүстікқазақстандық жастар күтіп алды. Автошерушілер 1946-58 жылдары шығарылған ГАЗ-М-20 Победа автокөлігімен сапарларын бастаған. Ұлы Жеңіске арнайы жасалған көлік халықаралық медиаэкспедицияның символына айналып отыр. Енді бүгін олар облыс орталығындағы Мәңгілік алауға келіп, 1941-1945 жылдары қан майданда жеңіс үшін соғысып, елі үшін жанын қиған батыр ардагерлердің рухына тағзым етті.  

НИКОЛАЙ ЗАБОЛОТНЕВ, «ЖЕҢІС – БӘРІНЕ ОРТАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ұлы Жеңіске Кеңес Одағының барлық мемлекеттері  үлкен үлес қосты. Жұдырықтай жұмылып, әрекет ете білді. Олар тек соғыста ғана емес, тылда да зор еңбек етті. Сол жылдары Қазақстанға көптеген кәсіпорындар, балалар үйі, госпитальдар көшіріліп, қазақ жұрты оларға қорған болды. Біз оның бәрін әкелген деректі фильмде көрсетіп жүрміз. Біз жастар ол туралы ұмытпауымыз керек.

Айта кету керек, автошеру 17 сәуір күні Ресейдің Орал федералдық округінен бастау алып, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерін аралайды. Жоспар бойынша Халықаралық медиаэкспедиция 9 мамыр Жеңіс күнін Ханты-Мансийский автономдық округінде қарсы алады.  

НИКОЛАЙ СМЕТАНКО, ЗЕЙНЕТКЕР:

- Менің әкем соғыс ардагері. 1941 жылы мектеп бітіру кешінде соғыстың басталғанын естіп, майданға аттаныпты. Қазақстаннан Ресей арқылы Анапаға дейін барып, сол жерде фашисттерге қарсы тұрған, Кенигсберг қаласын азат етуге қатысқан, Ұлы Жеңіс бейбіт күнде ардагерлер азайған сайын қоғам санасынан ұмытылып бара жатқандай, жастар осылай олардың ерлігін ұмытпаса екен деймін.

Ресейлік меймандар бұл күні Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ардагерлермен және қызылжарлық жастармен кездесті. Онда сұм соғыс жайлы сыр шертетін фильм көрсетіліп, кешегі күннің батырлары өз естеліктерімен бөлісті.

ЕКАТЕРИНА СТАРОСТИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Солтүстікқазақстандық жастар мұндай акцияларды қолдаймыз. Халықаралық экспедиция мүшелері жер-жерде майдандағы қайталанбас ерліктер мен аталарымыздың көбен көрген дүниелерін жастарға жеткізуде. Жастар бүгін өздерін толғандырған сауалдар қойып, рухани тәрбие алды деп ойлаймын.

Халықаралық экспедиция ұйымдастырушылары келесі жылғы Жеңіс күнінде автошеруге Победа көлігін тізгіндеген қазақ жастары қосылады деген сенім білдірді. Одан соң ресейлік жастар Көкшетау қаласына жолға шықты.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Жеңіс күні

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...