ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

Жеңіс күнінде Аққайың ауданы Шағалалы ауылында күрделі жөндеуден соң мемориалды кешен халық игілігіне берілді

21:30, 11 мамыр 2016

Естелік тақтада Ұлы жеңісті қалаған жауынгерлердің есімдері қашалып жазылған. Ескерткіш мемориалды қалпына келтіруге Солтүстік Қазақстан тәжірибелік станциясының мамандары ат салысты.

«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» мемориалды кешенінің салтанатты ашылуына Шағалалы ауылының тұрғындары түгелдей жиылды.  Олар Жеңіс күнінде   ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым етуге келді. Естелік тақтаны ашу мәртебесі соғыс жауынгері Федор Ткачев  пен Қожай Жүсіповтің немерелеріне бұйырды.

Бүгінде Шағалалы ауылында Ұлы Жеңісті қалаған майдангерлерден ешкім қалмаған.  Дегенмен, олардың есімдері мәңгілікке естелік тақтада қашаулы қалды.

Соғыс Қазақстан аумағында болмаса да, оның қасіреті әрбір жанұяға  тиді . Сол жылдар  аға ұрпақ өкілдерінің әлі күнге  есінде. 

Салтанатты шара мәдениет үйіндегі концертпен жалғасын тапты. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері  үшін  дастархан  жайылып, ас берілді.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...