ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ БАТЫРЛАРЫНА АРНАП КІТАП ШЫҒАРЫЛДЫ

21:48, 4 мамыр 2018

9 мамыр – Ұлы Жеңіс қарсаңындағы игі шаралар жалғасын табуда. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының  өкілдері  екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сот жүйесінде қызмет атқарған ардагерлер жайлы кітаптың тұсауын кесті. Естелік кітап облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың бастамасымен жарыққа шықты. Сонымен қатар, мерекелік шараға ҚР Жоғарғы сотының судьясы Денис Шипп қатысты.

Биыл жеңіс мерекесі қарсаңында СҚО сотының қызметкерлері  соғыс жылдары сот саласында қызмет атқарған ардагерлерге арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, бейбіт өмір сыйлаған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиын кейін салтанатты шараға ұласты.

ЕРЛАН АЙТЖАНОВ, СҚО СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке батылдық пен ерліктің символы. Тонға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ұлы жеңісті жақындату үшін Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін арыстарымыз майданда өмір қиып, тылда аянбай тер төкті.

Биыл Жеңіске 73 жыл. Осыған орай облыстық сот өкілдері соғыс жылдарында ерлік танытқан ардагерлердің құрметіне арнап кітап шығарды. Бұл туындыда Отан үшін от еткен батырлардың ерліктері туралы жазылған. Естелік кітап соғыс ардагерлерінің жақындарына табыс етілді. Солардың  бірі -  Роза Әмрина. Ол  соғыс  ардагері Қалымжан Хабдулиннің қызы. Жерлесіміз  майданнан оралған соң сот жүйесі органдарында   көп  жыл  қызмет еткен.

РОЗА ӘМРИНА,  СОҒЫС  АРДАГЕРІ  Қ. ХАБДУЛИННІҢ ҚЫЗЫ:

- Әкемнің өмір жолы қиын болды деп айта аламын. 1943 жылы  майданға аттанды. 43 жылы өздеріңіз білетіндей, соғыстың ең қиын уақыты еді, оған қоса әкем Курск маңында шайқасты. Оның ерлігімен, жұмысына деген құрметімен өмір бойы мақтанып өтемін.

Жиын барысында  сот жүйесінің  бірқатар  ардагерлері  мен   қызметкерлері белсенді жұмыс атқарғандары үшін «үш би» дипломдарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Жеңіс күні, ардагерлер

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...