ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ЖЕҢІС ҮШІН МЫҢ АЛҒЫС!

21:40, 4 мамыр 2018

1945 жылдың мамыры тарихта алтын әріптермен жазулы. 4 жыл бойы фашизммен күрескен жауынгерлер, елге Ұлы Жеңіспен оралды. Содан бері 73 жыл өтсе де, зұлмат соғыстың салдары мен ерлеріміздің ерлігі ел есінде. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, концлагерь тұтқындарын салтанатты түрде қабылдады. 

Самайларына ақ түскен мына қарттар, бейбіт күн сыйлаған жандар, өмір үшін, болашақ ұрпақ үшін жанталасып еңбектеніп, нақақтан нақақ жала жабылған жерлестеріміз. Оларға қандай құрмет көрсетілсе де аз. Бүгінде қатары сиреп бара жатқан  ардагер қарияларымызға партия мүшелері Ұлы жеңіс үшін, келісті өміріміз үшін алғыстарын айтты.  Ел басына екі талай күн туғанда, майданға  өз еркімен сұранып барғандардың бірі – Степан Башкиров.

СТЕПАН БАШКИРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Зауытқа мен 15 жастағы жасөспірім болып келдім. Қырнаушының көмекшісі болдым. 43-ші жылы құрдастарымды әскерге шақыра бастады. Өндірісте жақсы жұмыс істегенім үшін, әскерден алып қалмақшы болды. Қолымда әскери комиссариаттан шақырту бар. Сосын қолымды әдейі тіліп жібердім. Қан кетті. Шебер көріп қалып, «жылдам ауруханаға бар» деді. Мен болсам, әскери комиссариатқа бардым.

Соғыс басталғанда Любовь Горшкова небәрі 14 жаста  екен. 16 жасында еңбекке араласты. Ол зауытта еңбек етіп жүрген әйелдерге жазу-сызуды үйретті. Соғыстан кейін де ұстаздық жолды таңдап, мұғалім болды.

ЛЮБОВЬ ГОРШКОВА, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

- Мен мұғалім болдым, кейін жұмысшылар мектебінің директоры болдым. Өндіріске келген адамдардың сауатын аштым. Оларға біз бас иію керекпіз. Жұмысқа, отбасына, оқуға бәріне үлгерді.

Нұр Отандықтар тағдырларына соғыс араласқан жандар үшін, концерт ұйымдастырып берді. Олардың  ерліктері де, есімдері де әрдайым халық жадында.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, Яна ГЛАДКОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Жеңіс күні, ардагерлер

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...