ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ЖЕҢІС ЖАУЫНГЕРЛЕРІ

22:29, 20 сәуір 2018

Биыл өткен ғасырдағы үлкен майданның аяқталғанына 73 жыл толады. Бүгінгі таңда облыста 118 соғыс ардагері бар. жыл санап жеңіс жауынгерлерінің қатары сиреп барады. Бүгіннен бастап, телеарна  жеңіс күніне орай  арнайы айдармен сюжеттерін легін бастағалы отыр. Бұл бірегей жоба, сол сұрапыл жылдар, ержүрек батырлардың  ерлігі туралы  материалдар  топтамасы болмақ. Ардагерлеріміз өз естеліктерімен бөлісіп, майдан даласынан оралмаған жерлестеріміздің ерлігі жайында мәлімет беріледі. Өйткені, ер есімі, әрқашанда ел есінде.  

Дүйсенов Сапар Дүйсенұлының өмір жолы ауыр. Ол Есіл ауданы Тауағаш ауылында дүниеге келген. 1942 жылы өзге ауылдастарымен бірге әскерге алынып, майданға аттанады. Оңтүстік Батыс фронттың құрамында болып, Курск шайқасына қатысады. Шабуылдардың бірінде жараланады. 

САПАР ДҮЙСЕНОВ,  СОҒЫС АРДАГЕРІ

Туған жерге жеңіспен оралған майдангер «Отан соғысының 1 дәрежелі» орденімен, Германияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Сапар Дүйсенұлы алматыдағы заң мектебіннде оқып, кейін тергеуші, прокурор болып қызмет етті.  Төрт жыл сұрапыл соғыс кезінде тылда еңбек еткен жандарға да оңай соқпады. Солардың бірі Мария Кудинова. Ол 9 жастағы бала болса да, ауыр еңбекке араласқан.   

МАРИЯ КУДИНОВА, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

- Біз еңбек еттік. Картоп ектік. Соның бәрін бала болсақ та, жасадық. Ол кезде соқа болмайтын, қолмен істедік. Жырттық, арам шөптен тазаладық, жинадық. Ат та болмайтын, өгіздерді жектік. Майданға деп он шақырым жердегі Тоқшын станциясына апаратын едік. 

Мария Кудинованың жұбайы Дмитрий Кудинов соғыс ардагері. Ол 1944 жылы 17 жасында әскерге шақырылып, соғысқа кетеді. Ол Германияның Батыс фронтында жаумен шайқасқан. Ұлы жеңісті ол жолда қарсы алғанымен, кейін Жопанияға шығыс фронтқа жіберіледі. Фашизмді жеңіп, осы  күнге жеткен ардагерлер бейбіт өмірдің әр күнін бағалайды.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Жеңіс күні, ардагерлер

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...