ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

ЖЕҢІС ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ - ТАҒЗЫМ

18:15, 5 мамыр 2018

Қазіргі уақытта кез-келген отбасында және әр мемлекеттік мекемеде бүгінгі бейбіт күн үшін жаумен шайқасқан ардагерлер бар. Жеңіс күні қарсаңында соғыс батырларына түрлі құрмет, ілтипат белгілері көрсетілуде. Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Отан Қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мақсат Әлжановтың осы салада қызмет жасағанына сегіз жыл болыпты. Осы уақыт аралығында соғыста қасық қаны қалғанша фашистермен шайқасқан және әріптес болған соғыс батырларынан көп нәрсеге үйрендім және осындай күні оларды еске алып, тағзым ету – біздің парызымыз,- дейді  Департамент қызметкері.

МАҚСАТ ӘЛЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Осы өткізіліп жатқан рәсім біз үшін, жастар үшін парыз болып тұрады. Жыл сайын осындай шаралар өткізіліп тұрады. Жалпы осы келе жатқан Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелері біздің еліміздің өмірінде маңызды орын алады. Себебі біздің ата-бабаларымыз қан төгіс шайқастарда құрбан болып бізге яғни ұрпақтарына кең байтақ осындай тұтас елімізді қалдырды сондықтан біз осыны құрметтеу керекпіз.

Бүгінгі күні Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінде соғыс аяқталғасын қызмет жасап, Тәуелсіз еліміздің аяғына нық тұруына көп еңбек сіңірген ардагерлерден полковниктер Қасым Жүнісов пен Павел  Самсонов қана  қатарда.

Майгүл  СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...