ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖЕҢІС ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ - ТАҒЗЫМ

15:12, 8 мамыр 2019

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай еліміздің әр аумағында фашистермен туған жер үшін алдыңғы шепте қасық қаны қалғанша шайқасқан, елге оралмаған ержүрек жауынгерлердің рухына тағзым білдірілуде. Мереке қарсаңында  Петропавл қаласының жастары, мектеп оқушылары мен зиялы қауым өкілдері Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

5 жылға созылған сұрапыл соғыста жаны мен тәнін аямай, қолдарына қару алып, ел үшін шайқасқан батыл ата-әжелеріміздің есімдері әр жастың жүрегінде мәңгіге қалары сөзсіз. Себебі, жас ұрпаққа қазіргі бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлаған сол жандар. Әр қарт майдангердің өмір жолы үлгі. 1-ші гимназияның оқушысы Иван Паргонаевтың айтуынша олар мектеп қабырғасында Ұлы Отан Соғысының тарихымен танысып, онда қаза тапқан солдаттардың ерлігі туралы үнемі айтып отырады. Соғыстан оралмаған жауынгерлерге тағзым білдіру мен үшін үлкен құрмет дейді Иван.

ИВАН ПАРГАНАЕВ, 1-ШІ ГИМНАЗИЯНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Бүгін біз оқушылар майданда ерлікпен каза тапқан батырларға өз құрметімізді білдіру үшін Даңқ ескерткішіне келіп, гүл шоқтарын қоюдамыз. Өз тарапымнан бізге жас буынға бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге, Тыл еңбеккерлеріне алғыс айтып, ғұмырлары ұзақ болсын деп тілеймін.

Статистика бойынша қазақ жерінен екінші дүние жүзілік соғысқа 1 миллион 800 мың адам аттанды. Оның жартысы майдан шебінен оралмай, жат жерді жастанды. Ал, біздің өңірден 100 мыңға жуық жауынгер соғысқа кетіп, оның 32 мыңы шайқас алаңында көз жұмды. Тылда еңбек еткен жерлестеріміздің де еңбегі зор. Олар өз кезегінде соғыста жүрген солдаттарды қару-жарақ, киім-кешек және тағаммен қамтамасыз етті.  Қаламыздың құрметті азаматы Александр Липовой да жылда ескерткішке гүл шоғын қойып, майдангерлерге құрмет көрсетуге келеді.  Александр Егорович соғыс аяқталған соң қаламыздың қайта құрылуына үлкен үлес қосқан жандардың бірі.

АЛЕКСАНДР ЛИПОВОЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ  ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Құрметті солтүстікқазақстандықтар сіздерді осы атаулы датамен құттықтай отыра, соғыста ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді ұмытпай олардың рухтарына осылайша тағзым білдіруді сұраймын. Соғыста қаза тапқан 28 миллион қандас бауырларымыздың ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жеткізу біз секілді үлкен буынның басты міндеті.

Бұл күні Даңқ ескерткішінің алдында бас қосқан мектеп оқушылары, қаламыздың зиялы қауымының өкілдері мен ардагерлер майдан шебінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар