ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЗАУЫТТЫҚТАР

21:22, 8 мамыр 2019

Облыстағы алғаш ашылған өндіріс ошақтарының бірі - Киров атындағы зауыт Жеңіс күні қарсаңында еңбек ардагерлерін құттықтап, соғысқа қатысқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Кәсіпорын ғиамаратының алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қонақтарға мерекелік концерт және сарбаз ботқасын ұсынды. 

Ғасырға жуық тарихы бар Киров атындағы зауыт әуелі Мәскеу қаласында құрылып,  1941 жылы фашистер авиациясының шабуылдары жиілеп кеткесін Ресеймен шекаралас Петропавлға эвакуацияланды.  Зауыттың материалдары,станоктармен бірге Петропавлға 478 жұмысшы маман да келді. Соғыс жылдары кәсіпорын майданға қажетті радиоқабылдағыштарды жасап жіберетін. Жергілікті қыз-жігіттер мен соғысқа жарамсыз азаматтар да  ортақ істен тыс қалмай, кировтықтардың қатарына қосылды. Кейін олардың еңбегі еленіп, зауыттың 1088 жұмысшысы медальмен марапатталды. 

ЛЮДМИЛА ВОРОПАЕВА, КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Соғыс жылдары зауыттың станогтары ат қораларында, ашық аспан астында орнатылды. Алғашқы мамандары қыстың суығына, жаздың  ыстығына қарамай тәулігіне 12 сағаттап жұмыс істеді. Қаншалықты қиын болса да майданды қажетті құрылғылармен қамтып отырды. Бүгін соғыс жылдары зауытта еңбек еткендердің тек 5-уінің ғана көзі тірі.  Ал соғыстан кейін Киров атындағы зауытта жұмыс істеген 2 ардагер қалды.

Жиналғандар   Ұлы Отан соғысында Киров атындағы зауытта жұмыс істеген  тыл еңбеккерлерінің есімдері жазылған ескерткіш тақтаға  гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Денсаулық жағдайына байланысты соғыс ардагерлері Жеңіс күніне ұйымдастырған шараға келе алмады. Зауыт мамандары оларды үйлеріне барып құттықтаған. Бүгін кәсіпорынның 800-ден астам  еңбек ардагері бар. Солардың бірі Генадий Кирилов.

ГЕННАДИЙ КИРИЛЛОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Менің барлық өмірім осы зауытпен тікелей байланысты. Кәсіпорынға 17 жасымда келіп, мұнда 63 жыл еңбек еттім. Өмірлік жарым Людмиланы да осы жерде кездестірдім. Кәсіпорын ардагерлерін ерекше құрмет тұтады.  Еш біреуімен байланысын үзбейді. 

Мерекелік шараға келген еңбек ардагерлеріне соғыс әндері шырқалған концерт қойылып, жауынгерлік ботқа таратылды.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар