ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Жеңістің 71 жылдық мерейтойын Мағжан Жұмабаев ауданы тұрғындары да кең көлемде атап өтті

17:55, 11 мамыр 2016

Ескерткіштерді абаттандыруға арналған қайырымдылық сенбіліктері өткізіліп, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін аудан басшылығы үйлеріне барып құттықтады.

Ал 9 мамыр Жеңіс күні, аудан орталығы Булаев қаласында ардагерлерді  ұлықтау рәсімі өтті.  Таң сәріден соғыс уақытында шырқалған әндер орындалып, Даңқ монументі маңында Мәңгілік полкі сап түзеді. Салтанатты шара Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Аудан әкімі, соғыс ардагерлері, тың еңбеккерлері мен тұрғындардың барлығы ,бейбіт өмір сыйлаған азаматтарға тағзым етті.  4 жыл бойы жаумен жағаласқан жауынгерлердің қатары жыл санап сиреп барады. Ал, олардың өшпес ерліктері мәңгіге  сақталды. Осындай айбынды жандарды бір минут үнсіздікпен есе алды. Жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік шара кешке дейін ұласып, соңы отшашуға ұласты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...