ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ - ТАБЫСТЫ ЕЛГЕ АЙНАЛУДЫҢ АЙҚЫН БАҒДАРЫ

21:07, 10 қазан 2018

Қазан жолдауында Елбасы Қазақстандықтардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірнеше міндеттерді алға тартты. Ол әр азаматтың білімі мен денсаулығына, экономика мен бизнеске, қауіпсіздігіне екпін қойды. Ал басты назардың бірі, елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсартуға бірнеше тапсырмалар жүктеді. Осы орайда бүгін СҚО мәслихаты депутаттары жиын өткізіп, жолдауды жан-жақты қарастырып,  басым бағыттарын талқылады.

Елбасының әр жолдауы тарихи құжат және де қоғамның болашақ дамуына бағыт-бағдар. Маңызы бар құжатта кәсіподақ ұйымдарының жасаған жұмыстарын назардан тыс қалдырмады. Елбасы халықты толғандырып отырған, отбасы жағдайы, жастардың саясаты, тұрғын-үй, еңбекақы, ауыл шаруашылығы  мәселелері көтерді, ал бұл өз кезегінде кәсіподақ кеңесінің жұмысына тікелей байланысты дейді кеңес төрағасы Ерік Нұрақаев. 

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Елбасы жолдауындағы барлық әлеуметтік ұстанымдары біздің кәсіподақ жұмысымен де түйісіп жатыр. Және де, тағы бір атап өтетін жағдай, Президент жолдауынының алдында , Қазақстан кәсіподақтар кезектен тыс 25 съездінің өтуі. Бұл съездің басты жетістігі кәсіподақтардың болашақтағы даму стратегиясын айқындап, осы жалпы халықтық мүдделрі мен ескере отырып, ел реформаларын қайта жаңғарту.

Сонымен қатар, Елбасы жолдауда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын тағы бес жылға созып, жыл сайын кемінде 30 млрд теңге бөлу керек екендігін атап өтті Президент. Мұндай мүмкіншілікке кәсіпкерлерге үлкен жауаптылықпен қатар, кәсібін одан әрі дамытуға мүмкіндік беріп отыр. 

ГАЛИНА СЕМЁНОВА, КӘСІПКЕР:

- Биылғы Жолдауда кәсіпкерлерге бірқатар тапсырмалар берді. Мен барлық қойылған талаптармен келісемін. Кәсіпкер ретінде, бұл жолдаудан ұққаным, кәсібімізді дамыту үшін Елбасымыз бізді, қорғап, барлық жағдай жасап отыр. Атап өткенде, мемлекеттік кірістер департаменті, сот жүйесі, құқық қорғаушылар құрылымдары және т.б. кәсіпкерлерге біршама жұмысты жеңілдетуге өз септігін тигізбек. Үнемі менің айтатыным, біз - еңбек адамдары елімізге қажетпіз, жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Сонда ғана, берік, дамыған елдердің қатарына нық орналаса аламыз.

Жиынға білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, мәдениет саласының азаматтары  қатысты. Облыс белсендірелі  Елбасының құнды құжатындағы бірқатар қойылған талаптарды талықылап, еліміздің дамуына үлес қосатын жаңа мақсаттар қойды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...