ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

17:55, 17 қазан 2018

Облысқа жұмыс сапары барысында Мәулен Әшімбаев  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  өңір жастарымен кездесті. Олардың қатарында «Серпін-2050» бағдарламасының студенттері де бар.  Елбасының жолдауына арналған жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен университет ректоры Серік Өмірбаев те қатысты.

Жиында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары 3 мәселе көтерді. Ол  Елбасының стратегиялық құжатындағы басты аспектілері,  «Нұр Отан» партиясының негізгі мақсат пен міндеттері және 21 ғасырда жас ұрпаққа қойылатын талаптар.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Нұрай Жанаева «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасымен солтүстік өңірге келген студенттердің бірі. Биылғы Жолдауды  тыңдаған ол Президенттің жастарға үнемі қолдау көрсетіп, 2019 жылды жастарға арнағанына  риза.

НҰРАЙ ЖАНАЕВА, СТУДЕНТ:

- Бүгінде 4 курста білім алып жатырмын, биыл Елбасы Жолдауында «2019 жастар жылы» деп атап өтті. Осы барысында жастардың жақсы болады деген үміттеміз. Біздің университетімізде барлық қолайлы жағдайдар жасалған. Жатақхана, үйірмелер жәнеде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қостанай қаласында білім алып келдім. Алдағы уақытта өзімнің болашағымды Петропавл қаласымен тікелей байланыстырып отырмын. Яғни осында жұмыс жасап, әрі қарай өзімді дамытқым келеді.

СҚМУ-ға «Серпін» бағдарламасымен келген студенттер саны 1000-нан асады. Олар жатақханалармен  түгелдей қамтамасыз етілген. Осы орайда, облыс әкімі Құмар Ақсақалов алдағы жылда өңіріміздегі бірден бір жоғарғы оқу орнына екі студенттер үйінің құрылысы басталатынын атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ:

- Елбасының тікелей тапсырмасына сай бүкіл республикада жастарға арналған жатақханалар салынады. Біздің де университетте 2 жатақхананың құрылысы басталады. Ол 1000 орны бар, бүгінгі талапқа сай, бұрынғы біз тұрғанға ұқсамайтын, секционый салынады. Сонымен қатар, 3 колледжге 3 жатақхана саламыз. Біздің университетте биыл гранттар 3 есе көбейтілді. Былтыр 340 грант болса, биыл 1043 грант бөлінді. Көбі біздің мектеп түлектері.

Биыл «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасымен келген  алғашқы 127 жас оқуларын тамамдап, оның тең жартысы біздің өңірде қызметте қалған. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев бұл жақсы көрсеткіш дейді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында студенттердің шәкіртақысы көбейіп, бір жыл ішінде шекаралас мемлекеттерге оқуға кететін талапкерлер саны айтарлықтай азайған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жастар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ЗАУЫТТАРЫНА ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ
15:24, 23 қазан 2018
ОБЛЫС ЗАУЫТТАРЫНА ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...