ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУДА

18:08, 1 қараша 2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазанда халыққа арнаған жолдауын облыс тұрғындары мен жастары белсенді түрде талқылауда. Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен машина жасау колледжінің  студенттері жолдаудағы жастар мәселесіне көңіл бөлінетін тұстарын талқылады.

Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы  бірнеше білім мекемелерінің студенттерімен жолдаудың маңызды бағыттарын талқылап, интеллектуалды ойындар өткізуді жылдық жоспарларына енгізген. Осы жолы  машина жасау колледжінің бірінші курс тәлім алушыларымен  4 бағыт бойынша ойындар өткізіп, тарихқа кішігірім шолу жасады.

ЕКАТЕРИНА СТАРОСТИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Біз  ерекше бағдарлама дайындап келдік. Студенттермен алдымен жолдаудың жастар туралы тармағын  егжей-тегжей талқылап, соңын интелектуалды ойынмен қорытындылаймыз. Ойынның 4 бағытының  әр қайсысында 5 сұрақ дайындалған. Ұлттық  экономика, тарих, елбасымыз және Республикамызға қатысты сұрақтар болмақ. Келесі жылы жастар жылы болғандықтан, еліміздің болашағы біздің қолымызда. Сондықтанда тарихымызды әрқашан есте сақтап, ұмытпай жүруге міндеттіміз.

Елбасымыз спорт саласына ерекше назар аударып, үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырған болатын. Студент жастардың салауатты өмір салтына қызығушылықтарын ояту мақсатында, жиынға өңіріміздің спорт саласының үздіктері де қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

СҰЛТАН ЖАҚАН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Бүгінгі күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев спорт саласына ерекше назаур аударып жатыр. Мен өзім қалалық, облыстық деңгейдегі жаттықтырушымын. Келесі жылы жастар жылы дегендіктен, Елбасымыздың бізге артқан үмітін ақтауымыз  керек.

Қалалық жастар ресурстық орталығы жыл бойы жастармен кездесіп, жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асырмақшы.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ЗАУЫТТАРЫНА ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ
15:24, 23 қазан 2018
ОБЛЫС ЗАУЫТТАРЫНА ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...