ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ Толығырақ

ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ - ЖАҢА БАҒДАР

20:53, 5 қазан 2018

Солтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын қолдап, үн қосуда. Маңызы зор құжатта халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға көп көңіл бөлініп отыр.

Елбасы бұл жолы қарқынды дамып жатқан мемлекеттің экономикасына үлес қосып келе жатқан елдің жағдайын көтеруге баса назар аударып отыр. 2019 жылдан бастап қызметкерлер жалақысын көтеруге ел қазынасынан 96 млрд. теңге бөлініп, төменгі айлық жалақылар 35 пайызға дейін көтеріледі. Жолдауды жұртпен бірге тыңдаған Мамлют ауданының тұрғындары да жаңа өзгерістерді ыстық ықыласпен қабылдап отыр.

ХАЛИДА ШАГВАЛЕЕВА, «ЗНАМЯ ТРУДА» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауын зор ынтамен көріп шықтым. Бұл маңызды құжатта халықтың әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға көп көңіл бөліп отырғаны қуантады. Мәселен ең төменгі айлық жалақы көлемі 1,5 есеге ұлғайды, түрлі салаларда оң өзгерістер болатынын айтты. Сонымен қатар, «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы өз жемісін беріп, бағдарлама 2025 жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл әлі де талай кәсіпкердің ісін жалғауға зор мүмкіндік береді.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Елбасы жолдауы, әл-ауқат

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ЗАУЫТТАРЫНА ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ
15:24, 23 қазан 2018
ОБЛЫС ЗАУЫТТАРЫНА ҚОСЫМША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ
20:30, 1 шілде 2020
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ
Толығырақ...