Аты-жөні: Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
Туған күні, жылы: 5.05.1977
Тұған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Нілді ауылы
Бітірген оқу орны:. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Еңбек жолы:
1998 жылы Қарағанды облысы, Абай қаласының «Абай хабаршысы» аудандық газетінің бас редакторы қызметінен бастаған.
1999-2002 жж. Қарағанды облыстық «Өзгеріс-Перемена» педагогикалық газетінің бас редакторы. 2001-2002 жж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің журналистика кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды.
2003-2004 жж. Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының редакторы, 2004-2007 жж. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде аға оқытушы, 2007-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, облыс әкімі баспасөз хатшысының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2010 жылдың тамыз айынан бері «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.
Марапаттары:
Қазақстан Журналистер одағының Грамотасымен марапатталған. Республикалық «Қазақстан-Сорос» байқауының жүлдегері (Алматы, 1998), аймақтық жас журналистер байқауының жеңімпазы (Қарағанды, 2004), ІХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Журналистика» номинациясы бойынша дипломанты (Астана, 2006). «Әдебиет жылнамасы», «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы ойын-сауық хабарлары» атты әдістемелік оқу құралдарының авторы.
ҚР Президентінің Алғысы (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» меділімен (2011) марапатталған. ҚР Журналистер одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры. 2012-2017 жж. Петропавл қалалық мәслихатының депутаты.