ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҢ ЭКС-ПРОКУРОРЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

20:33, 29 наурыз 2019

Құмар Ақсақалов облыстың экс-прокуроры Берік Асыловты жаңа қызметпен құттықтады. Естеріңізге сала кетейік, Елбасының қаулысы бойынша Берік Асылов Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.  

Берік Асылов 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1991 жылы Киров атындағы Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Әр түрлі жылдары Алматы облысының Алатау ауданы прокурорының аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі, Алматы авиациялық көлік прокуратурасы бастығының орынбасары, Бас прокуратураның бөлім бастығы, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2008 жылы Ақтөбе облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. 2010-2011 жылдар аралығында  Қазақстан Республикасының бас прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2011 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарды. Біздің облыста Берік Асылов 2017 жылдан бері еңбек етті.

Құмар Ақсақалов Берік Асыловқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, құрмет грамотасымен марапаттады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Берік Асыловпен бірге 2,5 жыл әріптестікте жұмыс істедік. Сіздің өңір дамуына қосқан үлесіңіз шексіз. Осы мерзім ішінде көптеген кәсіпкердің құқығы қорғалды. Жер мәселесі көп қаралып, адал шешілді. Есірткі тасымалдау деректері тиылды. Сіздің тұсыңызда 10 млрд теңге шамасында қаражат мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...