
Кездесу Нұрсұлтан Назарбевтың анасы Әлжанға арналды. Ол ұлын үлкендерге құрмет көрсетуге, ұлттық құндылықты сақтауға тәрбиеледі. Кездесу барысында түрлі түйіткілді мәселелер де қарастырылды.
Кездесуге келгендердің пікірінше, Н.Назарбаевтың анасы – Әлжан нағыз ананың үлгісі болуға тұрарлық тұлға. Себебі, ол өз ұлының бойына барлық жақсы қасиеттерді сіңірте білді.
Кездесу барысында облыстық аналар кеңесінің жұмысы, қыздарды тәрбиелеуге арналған «Кыз жібек» клубын құру мәселелері қызу талқыға түсті. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы ажырасу мәселесі бойынша алдыңғы орындарды. Сондай-ақ, жүктілігіне қатысты мектеп жасынан тұрмысқа шығатын қыздар көбейген.
Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова отбасыны жоспарлау және жастардың репродуктивті денсаулығына тоқталды. Бүгінгі уақытта Солтүстік өңірде 570 мың адам тұрады. Оның 300 мыңға жуығы нәзік жандылар. Қуантатын бір жайт, жасанды түсікке баратын әйелдердің қатары сиреген.
Мемлекетіміздің басты құндылығы – отбасы. Кездесу келгендердің пайымдауынша, ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайту үшін отбасының алатын орны ерекше болмақ.
Лаура ТӘЛІПОВА