
Осыған орай, облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі де «балаларға қуаныш сыйла» шарасын өткізді.
Қоғамдық келісім ұйымдастырған мерекелік шараға №1,2 түзету мектеп интернаттарының оқушылары мен көп балалы отбасылардың балалары қатысты. Барлығы үлкен отбасы болып көңіл көтерді., Ән салып, түрлі ойындар ойнап, әсем әуен ырғағында би биледі. Сонымен қатар,оларға ұйымдастырушылар үлкен торт әзірлеген. Жиын соңында барлығына арналып тәттіге толы дастархан жайылды.
Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ