ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылына орай аудандарда форумдар жалғасын табуда

21:00, 13 қараша 2015

Осы жолы шара «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» деген атаумен өтті. Булаев қаласында ұйымдастырылған форумға Қызылжар, Аққайың аудандарынан келген этно-мәдени бірлестіктер де қатысты. Онда биылғы жыл қорытындыланып, Мағжан Жұмабаев ауданында бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септескен азаматтар марапатталды.

«Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» форумы басталмас бұрын Булаев қаласында аудан әкімі мен облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығы  меңгерушісінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Шараға  өз мәселелерін атып ауданның 3 тұрғыны  келді. Негізінен мағжандықтарды әлеуметтік салаға қатысты мәселелер толғандырып отыр. Нұргүл Тұружанованы мемлекеттік тілде тәрбие беретін шағын орталықтардың толыққанды күні бойы жұмыс істемей отырғаны мазалайды екен.

Аудан әкімі Булаев қаласы тұрғынының мәселесін назарға алып, желтоқсан айында бұл мәселе шешілетінін жеткізді. Кейін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы жылына орай облыстан келген делегация өкілдеріне арнайы көрме көрсетілді. Онда жергілікті этно-мәдени бірлестік мүшелері жасаған қолөнер бұйымдары ұсынылды. 30-дан астам ұлт өкілінің ән-күйі де шырқалды.

Бүгінде барша әлем елдері Қазақстанды қаймағы бұзылмаған, шаңырағы берік, іргесі бекем мемлекет ретінде таниды. Қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен этнос өкілдері қоныстанған. Барлығы туы биік, бейбітшілік орнаған мемлекетте тұрып жатқанына тәубе етеді.

Мағжан Жұмабаев ауданында 12 этно-мәдени бірлестік жұмыс істеп келеді. Мерейлі жылы Булаев қаласында 2 бірдей жаңа орталық ашылды. Олардың бірі -  «Мақсат» қазақ ұлттық этно-мәдени бірлестігі.

Форумда Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылы аясында  ауданда атқарылған  істер қорытындыланды. Шарада 20 жылдың ішінде Мағжан Жұмабаев жерінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септескен бірлестік өкілдері марапатқа ие болды.

Булаев қаласында өткен «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» форумына Аққайың, Қызылжар аудандарынан келген бірлестік өкілдері де қатысты. Шара аясында облыс орталығының ән-би ұжымдары арнайы концерттік нөмірлерін ұсынды.Бүгінде облыста 153 этно-мәдени орталық бар. Барлығы бір мақсат бір мүдде үшін еңбек етуде.   

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...