ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында Белорус мәдениетінің фестивалі өтті

13:30, 30 қазан 2015

Бұл күні Достық үйінің сахнасында белорус тілінде әндер шырқалып, өлеңдер оқылды, ұлт мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл шараны тамашалауға биыл да жүздеген көрермен жиналды.

Өңірімізде   тұрып жатқан  белорус  ұлтының өкілдері   де басқалары  сияқты   өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтап, дәріптеп келеді.  Бүгінгі  фестиваль осыны көрсетеді.      Облыс  белорустарының бастын  қосатын  «Радзіма»  этномәдени орталығының  төрайымы  Мария Татаренконың  айтуынша,   бұл халық өзінің  қарапайымдылығымен, ақкөңілділігімен, жомарттығымен ерекшеленеді. 

Белорус мәдениетімен танысамын деуші көрерменнің қарасы қалың.  Фестивальға орыс , украин және  поляк  орталықтарының  да мүшелері ат салысып,  өз өнерлерін  паш етті.  Ал мына жерде  қолөнер шеберлерінің  көрмесі өтіп жатыр. Өз  бұйымдарын   ұсынғандардың  қатарында  Нина  Кузнецова да бар.   

«Радзіма» орталығына    50  адам мүшелік  етеді. Ал Солтүстік Қазақстан   облысында  6 мыңға жуық белорус тұрады.     Олар да  басқалар сияқты  өз тілі  мен  мәдениетін дамытуда,  өңірімізде  өтетін  түрлі  мерекелік  шараларға  жиі қатысып тұрады.   Ұйымдастырушылардың   айтуынша,    мұндай  фестивальдар  - дәстүрлі.   Бұл  солтүстікқазақстандықтарды   белорус  халқының  мәдениеті,  салт-дәстүрлерімен  таныстырып қана  қоймай,   өзге  ұлт  өкілдерімен   жақындастыруға    септігін  тигізеді дейді  олар. 

 

Жанара ДУЛАТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...