ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-ші сессиясы өтті

21:40, 17 мамыр 2016

Түрлі ұлт өкілдері тату тұратын Қазақстан Республикасында құрылған Ассамблеяның, бірлік пен ынтымақ орнатуда үлесі зор екені айқын. Сондықтан жыл сайын үлкен жиын ұйымдастырылып, аталмыш институттың міндеттері мен мақсаттары айқындалып отырады. Осы жолы да тапсырмалар қойылды. Ал, бірлік пен достықты нығайтуда еңбек еткендердің бір тобы марапатқа ие болды.

Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық жиыны сәуір айында өткен болатын. Оған өңірімізден 44 делегат қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  төрағалығымен  Мәңгілік ел патриоттық актісінің қабылдауына куә болды. Сессия барысында Нұрсұлтан Назарбаев, қазақ елі құшағын көпке жайған, ұлы дала деп атап өткен болатын.Ал біздің  аққайыңдар өлкесін 90-нан астам этностың  өкілдері мекен етуде.

Бүгінгі таңда, облыстық ассамблеяның жұмысы зор. 24 облыстық және 154 аудандық этномәдени бірлестік, 3 бейбітшілк және келісім орталығы , 20ға жуық этноклубтар сәтті жұмыс істеп тұр. 2015 жылы достық үйі 3000-нан астам іс-шараны ұйымдастырып өткізген екен.

Наиль Салимовтың айтуынша, облыстық ассамблея республикалық акцияларға да белсенді араласып келеді. Қайырымдылық керуені әлі де жалғасып жатыр. Облыстық ассамблеяның сессиясына Республикамыздың Парламент сенатының депутаты Ольга Перепечина да қатысты. Ол әр жыл жайын ассамблея мүшелері алдында жаңа міндеттер қойылатындығын жеткізді. Ал оны орындау барысында өңіріміздегі достық үйі белсенділік танытуда.

Мінбеге шығып, көпшілік алдында сөз сөйлегендердің баршасы, қазақстан  ынтымағы жарасқан біртұтас ел екенін айтып мақтанды. Олар қай ұлт өкілі болмасын, қиын қыстау кезеңде қаза жерінен пана тапқандарын, ұлы дала елінің ұландары құшақ жайып, бауыр басып жақын тартқандарын айтты.  Діні мен тіліне, түрі мен нәсіліне қарамастан, қазақстандықтар болып үлкен іс атқарып жатқандар жандар, достығы  мығым шаңырақтың астында күн кешудеміз деді. Әр ауданда игі шаралар өткізілуде. Мәселен Ғабит Мүсірепов ауданында еліміздің өткенінен сыр шертетін мұражайды электорнды түрде жасамақ.  Ал, Ресейдің Омбы қаласынан келген  қонақтар, қазақстан Республикасындағы халықтар достастығына қызыға қарайтындықтарын жеткізді.

Көпшілік алдында орысша, қазақша өз ойын жеткізген алтынай Жүнісова, Қазақстан мен Ресей достастығының ықылым замананн келе жатқандығын және ол жақтағы қандастырымыз әрқашан тілектес екенін айтып, ән салды. Бұл патриоттық, тәрбиелік рух бере түсті.

Өз кезегінде мінбеде сөз сөйлеген СҚО орыс қауымдастығының төрағасы Виктор Сайко болса, гинесс рекордын жаңарту барысында алған алғашқы алтын медалін облыс әкіміне сыйға тартта.  Ал, 2015 жылы құрылған аналар кеңесінің тиімділігін, көп балалы ана Балжан Құсайынова айтып берді.

Бүгінгі таңда мемлекетіміз  барлық  деңгейдегі  халықтың қамын ойлайды. Ол өз ісін ашамын деген кәсіпкерлерге де, білім аламын дейтін жандарға да қол ұшын созуда. Облыстық сессия барысында, жиналғандарға жаңа тағайындалған облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Геворк Геворкян таныстырылды. Және де Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің шешімімен екі жерлесімізге ҚХА-ның   «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалімен табысталды.

Сонымен қатар, бірқатар азаматтар ҚХА құрмет грамоталары  және алғыс хаттармен марапатталды. Ал, 4 жерлесімізге этникааралық және конфессияаралық келісімді, достықты және халық бірлігін сақтауға және нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін СҚО әкімінің алғыс хаттарын алды.

Александр Гамершмидт Мағжан Жұмабаев ауданында тұрады. Оның аталары 1927 Қазақстанға аштықтың салдарынан көшіп келіпті. Бүгінде Қазақстанды туған жеріміз дейді.

21-ші сессияның соңы үлкен концертке ұласты. Сонымен бірге,  әр  ұлттық дәстүрі мен қолөнерінен сыр шертетін көрме де ұйымдастырылды.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...