
1995 жылы 1 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен елде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бүгін барша халық бірегей институттың 20 жылдығын атап өтуде. Осы орайда Петропавлдағы «Достық» үйіне этномәдени бірлестіктердің ардагерлері, жетекшілері, белсенділер мен жастар жиналды.
Ассамблеяның құрылу кезеңіне куә болып, оның қалыптасуына үлес қосқан ардагерлер жастарды бірегей институттың тарихымен таныстырды.
Жиын жергілікті әртістердің концертімен жалғасты.
Әсел ОРАЗБАЕВА