ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында Петропавл қаласында «20 ізгі іс» акциясы жалғасуда

18:16, 3 наурыз 2015

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында бастау алған «20 ізгі іс» акциясы барысында облыстық ассамблея өкілдері қалалық білім ордаларында форум өткізуде. Шараның алғашқы күнінде олар Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында болды. Этно-мәдени бірлестік өкілдері оқушыларды 20 жыл ішінде атқарған жұмыстар жайлы құлағдар етті.

Елбасы жарлығына сәйкес 2015 – ҚХА жылы деп бекітілген болатын. Себебі, биыл оның құрылғанына тура 20 жыл. Тарих үшін азды-көпті осы уақыт ішінде ассамблея мүшелері ауқымды шаралар ұйымдастырып, ұлтаралық татулықтың нығаюына септігін тигізді. Білім ордаларында өткізіліп жатқан форумдардың негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты этно-мәдени орталық төрағаларымен және белсенді мүшелерімен таныстыру.

Форум қарсаңында қалалық мектеп оқушылары арасында шығармалар байқауы жарияланған болатын. Тақырыбы - «Бір шаңырақ астында» деп аталды.  Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты да аталмыш байқаудан тыс қалған жоқ. Нәтижесінде 11 –сынып оқушылары Алтынбек Әділбеков пен Арай Молдыбаева жүлделі орындарға ие болды.

 

Фариза ЖАЗИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...