
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына жəне Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып Астанадан шыққан «Менің Қазақстаным» пойызы Тайынша қаласында.
Ерекше теміржол көлігін 500-ге жуық солтүстікқазақстандық қазақы дәстүрмен шашу шашып арнаумен қарсы алды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған республикалық акция аясында бұл пойыз еліміздің 29 елді мекенін араламақ.
ҚР Мәжіліс депутаттары, дәрігерлер, этномәдени орталықтардың өкілдері, банк қызметкерлері, ,ғалымдар, эстрада жұлдыздары, тағысын тағы. Ерекше темір жол көлігінде 130 адам келді. Елордадан келген меймандарды қарсы алуға келген халықтың қарасы қалың. Солтүстікқазақстандықтар пойызды сән-салтанатпен қарсы алып, қонақжайлықтарын көрсетті. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан аудан әкімі Серік Салтықов пойыз жолаушыларына ізгі ниетін жеткізді.
Ақция еліміздегі этникааралық келісімді нығайтуға, қазақстандық отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталған. Түрлі аймақтардағы халыққа нақты тәжірибелік көмек пен сапалы әлеуметтік қызмет көрсетілетіні анық.