ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Ассамблея жылы аясында Солтүстік Қазақстан облысында «Бірлік пен келісім автошеруі» өтті

21:25, 10 сәуір 2015

Ассамблея символикасын қолына алған автоколонна қатысушылары Петропавл қаласының жолдарымен жүріп өтті. Онан соң Мағжан Жұмабаев ауданына жол тартты. Булаев қаласының тұрғындары да шарадан шет қалмады.

Автошеру - патриоттық акция. Оның басты мақсаты: қоғамның рухани құндылығын бекемдей түсу. Достық үйінен бастау алған акция аясында митинг пен жастар флешмобы да өтті. Шерудің ұйымдастырушысы әзірбайжан орталығының өкілдері болғанымен  оны барлық орталық мүшелері қолдай кетті.

Көлік колоннасынан ретро тұлпарлармен автобус және мотоциклді көруге болады. Барлығы да Ассамблея жылына арналған ұран мен логотипті ала жүре Петропавлды аралап қана қоймай, ауданға да бет алды. Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары шеруді бірауыздан қолдай кетті. 

Булаев қаласында автошерушілер Достық саябағы мен аудандық тарихи- өлкетану мұражайында болды. Одан соң шара мәдениет үйінде жалғасын тапты.  

Қазақстан  бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет. Сол себепті барды бағалап, оны бекемдей түсу қажет – деген пікірде болды автошерушілер.  

 

Гауһар МҰҚАТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
13:00, 13 мамыр 2022
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
Толығырақ...
ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:05, 13 мамыр 2022
ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер...
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ
17:22, 13 мамыр 2022
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...