
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ұйымдастырылған конференцияда мектеп оқушылары мен мәдениет қызметкерлері бірлік, келісім тақырыбында ой бөлісті.
Шара барысында жергілікті ұлт пен түрлі этностардың өкілдері өлеңдер оқып, елдегі тұрақтылықты жырлады. Айта кеткен жөн, әдеби кеш түрінде өткен конференция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осы сынды шараларды жергілікті кітапханашылар болашақта өзге өңірлермен бірге өткізуді жоспарлауда.
Аманжол НҰРТАЗИН