ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Астана қаласында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясынан кейін өңірлік сессия өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы бастап берді

21:15, 15 мамыр 2015

ҚР Президентінің Жарлығымен 40-тан астам солтүстікқазақстандық Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдық мерейтой медалімен және де «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының облыстық 20-шы сессиясында Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан бұл наградаларды облыс тұрғындарына оның орынбасары Ералы Тоғжанов табыстады.

Биыл 23 ақпанда Астана қаласында өткен  Қазақстан Халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясынан кейін өңірлік сессия өткізуді СҚО бастап берді. Оған төраға орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысты. Сессия облыстық этномәдени бірлестіктердің ұйымдастырған көрмесімен ашылды. Көрмеде облысты мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың өмірі мен дәстүрі бейнеленген. Бүгінгі күні аудандарда - 127, ал, Петропавлда 23 этноорталық орналасқан және олар «халықтың ең құнды дәулеті – ол бірлік» деп біледі.

Сонымен қатар, Ерік Сұлтанов Ассамблея жылында облыс көлемінде бірқатар акциялар мен жобалардың қолға алынғандығы туралы да айтты. Атап айтсақ, «Менің Қазақстаным», «Достық поезы», «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», « Қазақстан Халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» және тағы да басқалары.

Ассамблея төрағасының орынбасары қазақстандықтардың мәдени құндылықтарын сақтау мен нығайтуға солтүстікқазақстандықтардың қосып жатқан үлесі зор екендігін тілге тиек етті. Оның бұл сөзін жиналғандар да растап отыр.

 

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...