
Оған еліміздің ірі қалалары мен көршілес елдердің ғылыми-зерттеу институттары, университеттерінің өкілдері қатысты. Олардың жазған еңбектері арнайы журналда жарық көретін болады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы этноконфессияаралық келісімді нығайту мен дамыту институты іспеттес» атты ғылыми-теориялық конференцияның қонақтары алдымен этномәдени орталықтардың жұмысы көрсетілген көрмені тамашалады. Сонымен қатар қатар қонақтар М.Қозыбаева атындағы СҚМУ құрылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен танысты.
Ғылыми-теориялық конференияны облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Конференция жұмысына 70 адам 62 ғылыми мақаласын ұсынған болатын. Олардың 12-сі шетелдіктер болса, қалғандары еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Екібастұз және Петропавл қалаларынан. Материал авторларының 2-еуі академик, 15-і ғылым докторы, 21-і ғылым кандидаттары болып табылады. Олардың барлығы Қазақстан қалаларының және көршілес елдердің ірі ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің өкілдері.
Аталмыш шара ғылыми-теориялық жобаларды тәжірибеге енгізуге бағытталып, қазақстандық қоғамның бірігіп, нығаю үрдісін және этноконфессияаралық келісімді дамытуға септеспек.
Әсел ОРАЗБАЕВА