ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Петропавлда «Қазақстан жерінің жылуы» деген атаумен этностар форумы ұйымдастырылды

21:00, 1 наурыз 2016

Ол «Алғыс айту күніне» орайластырылды. Шара барысында өңірімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері өз мәдениетімен таныстырып, өнер көрсетті.

Өткен ғасырдың ортасындағы  қудалау кезінде  қазақ жеріне немістер, поляктар, шешен-ингуштар қоныс аударды. Кей деректерде 1946 жылға дейін ғана  елімізге депортацияланғандардың саны 1 млн 200 мың адамнан асты делінген. Халықтың дені Солтүстік өңірге келді. Бүгінде олардың бәрі тату тәтті ғұмыр кешуде. Айта кеткен жөн, биылдан бастап елімізде наурыздың бірі – Алғыс айту күні ретінде ресми түрде тойлануда. Қудалауға ұшырап, туған жерінен кетуге мәжбүр болған ұлттардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленді.  Әзірге, бұл мейрамды тек Қазақстанда атап өтуде.

Қазақ жұрты жер аударған ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Бір үзім нанды бөлісіп, төл ағайынындай бауырына басты. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам ұлт-ұлыс өкілдері тұрады. Олардың бірі - кәрістер. Қазірдің өзінде өңірде олардың саны 500-ден асып отыр.

Форум барысында 1937 жылы депортацияланғандардың өмірі жайлы сахналық қойылымдар көрсетілді. Олардың  бәрі де бүгінгі мерекенің  маңыздылығын айқындай түскендей.    

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...