ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Петропавлда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті

17:50, 20 қазан 2015

Ассамблея саясат сахнасына шыққаннан бері қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешкені рас. Солтүстік өңірдің де аталмыш достық институтының өркендеуіне қосқан үлесі еселі. Қазіргі таңда ассамблеяда 24, ал аудандарда 127 этномәдени орталық кешенді жұмыс атқаруда.

Елімізде Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен жалпыұлттық қайырымдылық керуені  шарасы өтеді. Сондай-ақ, барлық қайырымдылық ұйымдар бас қосатын съезд де ұйымдастырылмақ. Гүлшара Әбдіқалықова Президент жанындағы қоғамдық келісім мекемесі негізінде Ассамблеяның медиация орталығы құрылатынын жеткізді. Ал өңірлердегі достық үйлерінде бітімгерлер мектебі ашылып, дау-жанжалдарды сотқа жеткізбестен шешуге көмектесетін қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады. Мұндай ұйымдар қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек Ассамблея жылын қорытындылауға екі айдай уақыт қалды. Бұл жыл жемісті болды, дейді жиында сөз алған ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов. Енді алдағы үлкен бірлік пен достық форумын ойдағыдай өткізсек болғаны. Бірақ, мұнымен шектелетін біз емес. Алдағы уақытта Ассамблея жұмысы бұдан әрі қарқын алмақ.

Бүгінде СҚО Ассамблеясының құрамында 24 облыстық этномәдени орталық болса, аудандарда оның саны 127-ге жеткен. Ассамблеяның 20 жылдығына орай өңірде біршама игі истер тындырылған. Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі өткізілген шараларға тоқталды.

Мемлекеттік хатшы бірліксіз - тірлік жоқ, сондықтан ынтымақ пен татулықты нығайту жолында атқаратын міндеттерді пысықтау шарт деген тапсырма жүктеді. Жалпы ауқымды жиынның күн тәртібінде 6 мәселе қозғалды.

 

Назерке ҒАЛЫМ

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...