ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Петропавлда «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы өз жалауын көтерді

13:30, 13 қаңтар 2016

Биыл аталмыш шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Қалалық достық үйінде салтанатты жиында облыста бірлік пен келісімді нығайтуға сүбелі үлесі қосқан ардагерлер марапатқа ие болды. Арнайы концерттік бағдарлама әзірленіп, 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктерді өңір жастары саралады.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы Петропавлда мемлекеттік әнұранмен бастау алды. Кейін сахналық қойылымдар әзірленді. Түрлі ұлт өкілдері болып киінген би ұжымы, Қазақстанның бірлігі жарасқан ел екендігін тағы бір мәрте паш етті.  

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойына арналған  шаралар бүгіннен бастау алды. Алдағы 338 күнде   республикалық акция аясында 4 мыңға жуық фестивальдар мен түрлі  жиындар өткізу жоспарланған. 

«Үлкен ел – үлкен отбасы» акциясы аясында бірқатар облыс тұрғыны марапатқа ие болды. Оларға гүлшоқтары мен сыйлықтар табысталды. 

Жоспар бойынша мұндай шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылмақ. Акция жыл соңында қорытындыланады.

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...