ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Петропавлдағы Достық үйінде «Сердце на ладони» атты концерт өтті

13:40, 9 қараша 2015

Петропавлдағы Достық үйінде «Коперник» поляк мәдени орталығы өкілдерінің ой тастауымен «Сердце на ладони» атты концерт өтті. Ұйымдастырушылар аталмыш кешті Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Польшаның Тәуелсіздік күніне арнаған.

Қазіргі таңда, СҚО-ын 16 мыңнан астам поляк мекен етуде. Бұл, Қазақстанда тұратын осы ұлт өкілдерінің жартысы. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Польшаның Тәуелсіздік күнін атап өту үшін кездесуге түрлі ұлт өкілдері келді. Бағдарламаға астаналық қонақтар - Юлия Серватинская мен Ринат Дусумов та қатысты. Олар қазақ, поляк және украин тіліндегі әндерді шырқады. Ринат Дусумов ұлты татар болғанмен, ішкі жан дүниесі поляк екенін жасырмады.

Сахнада  жергілікті поляк мәдени орталығының өкілдері де өнер көрсетті. Сергей Климушин № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде білім алады. Осы жерде бірінші сыныптан бастап поляк тілін меңгеріп келеді.

Концерттік бағдарлама қатысушыларының айтуларынша, көпұлттылық – бұл мемлекет құндылығы, ал Қазақстан мен Польша арасындағы достықтың  нығая түскені өскелең ұрпақ болашағы үшін   маңызды.

Концерттік бағдарлама поляк мәдениеті фестивалінің аясында өтті. Оған облыстық әкімдік аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі қолдау көрсетті. 

 

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар