ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Қазақстан бірлігі- халықтың достығында» атты көрме ашылды

13:40, 28 сәуір 2016

Петропавлдықтар қытай тілінде жазылған Абайдың «Қара сөздерін», Сәбит Мұқановтың әңгімелерін – неміс тілінде, ал «Шыңғысханның пенделік құпиясы» кітабы фрнацузша оқи алады. Мұндай туындыларды Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ашылған «Қазақстан бірлігі - халықтың достығында» атты көрмеде кездестіруге болады. Бірлік күніне арналған көрмеде елімізде тұрып жатқан халықтардың тілдерінде жазылған кітаптар, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлығымен шығарылған туындылар мен тағы басқа қызықты басылымдар ұсынылды.

Кітапхана қызметкерлері  қорларындағы кітаптарды мақтан тұтады. 1ші  мамыр Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы күніне орайластырған көрмеге ел тұтастығы мен халық достығын көрсететін ең үздік басылымдар ұсынылды.

Көрменің мақтанышы – Ел Президентінің авторлығымен шыққан «Мәңгілік ел -  Ғасырға бергісіз жылдар» атты кітабы. Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы» мен  «СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты екі жаңа кітап көрмеге алғаш қойылып отыр.  Кітапхана қызметкерлері басылымдарды сөрелерге әдемілеп қойып қана қоймай, көрмені тамашалауға келген мектеп оқушыларына мазмұндары жайында айтып, жазылу идеяларын түсіндірді.

 «Қазақстан  бірлігі- халықтың достығында» атты көрме бір апта бойы жұмыс істейтін болады. Жалпы өнер ордасының қорындағы бұл басылымдармен кез келген уақытта танысуға болады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...