ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Солтүстік Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

13:40, 29 сәуір 2016

Онда 2015 жылы атқарылған істер қорытындыланып, алдағы жоспарлар және бірқатар мәдени орталықтардың жұмысы сөз болды . Жиынға өңір басшысы Ерік Сұлтанов төрағалық етті.

Кеңейтілген отырысты ашқан аймақ жетешісі Ерік Сұлтанов алдымен, 26 сәуірде Астанада өткен Қазақстан халқы ассамблеясының 24 сессиясы жайында қысқаша баяндап берді. Ұлтаралық татулықты бейнелейтін жиынға біздің өңірден де 44 делегат қатысқан болатын. Алқалы отырыста Мәңгілік ел патриоттық актісі де қабылданып, жұрттың қолдауына ие болды.

Кейін, өңіріміздегі   достық үйінің жұмысы баяндалды. Бүгінде облыстағы ассамблеяда 24 этно мәдени орталық тіркелген. Ал жалпы 154 түрлі ұлт бірлестігі жұмыстарын жемісті атқаруда. Олар 2015 жылы 284 іс-шара өткізген. Көп бірлестіктер қайырымдылық шараларына белсене қатысады. Сонымен қатар, медиаторлар кабинеті де сәтті жұмыс істеуде. Ал алдағы уақытта, Елбасы жүктеген тапсырмалар  мінсіз орынлалуы қажет. Мәселен, жас буынға патриоттық тәрбие беру. Ал ол бала бақшадан басталуы шарт.Сондай-ақ, «Сомониен Север» тәжік мәдени орталығының жұмысы  жайлы айтылды. Олар да Елордада өткен ассамблеяның сессиясына қатысып, пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, аталмыш орталық, Тәжікстаннан әскери институтқа оқуға келген сарбаздармен де тығыз қатынаста екен. 1994 жылы құрылған тәжік мәдени орталығы әлі де қолдан келгенше бар шалараларға қатысамыз деп отыр. Кеңейтілген отырыста, халықтар достастығын нығайту үшін еңбек еткен орталықтарға   облыс әкімінің гранттары табысталды. Кейін Ерік Хамзаұлы медиаторлар кабинетінің жұмысмен танысты.

Жиын барысында қазақстан халқы ассамблеясының өңірлік филиалы жетекшілерінің құрамы біршама өзгертілді. Ал, облыстық ассамблеяның сессиясы 18 мамыр күні өтеді деп белгіленді.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...