ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Үлкен мемлекет - үлкен отбасы

17:55, 14 желтоқсан 2015

Өңірімізде осындай атаумен облыстық форум өтті. Оның барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылы аясында атқарылған іс-шаралар қорытындыланды. Сондай-ақ, маңызды әлеуметтік институттың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жобалар мен байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.

Бүгін Достық үйінің мәжіліс залына бір жыл бойы ұлттық патриоттық «Мәңгілік ел» идеясын іске асыруда белсенділік танытқан жандар жиналды. Нақтырақ айтсақ, түрлі этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің және олар жайында жазған   БАҚ өкілдері. Галина Кузьмина этно-журналистика төңірегінде өткен республикалық «Шаңырақ» байқауына қатысқан болатын. Оның мақаласы «Қазақстандық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға бағытталған үздік материал» номинациясында үздік деп танылды.

Қазақстан Халқы бірлігін, қоғамдық келісім және қазақстандық патриотизмді  нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасымен СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила ГрИвенная марапатталды. Кафедра қызметінің негізгі міндеті: университеттің оқу-тәрбиелік жүйесіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, Қазақстанның полиэтникалық халқы мәдениетіне студенттерді тарту.

Облыстың түкпір-түкпірінде жүздеген мерейтойлық шаралар ұйымдастырылды. Қайырымдылық концерттер, ауқымды жобалар мен байқаулар – және оларға Ассамблея өкілдері ғана емес, елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтап қалуды тілейтін жандардың барлығы қатысты.

 

Фариза ЖАЗИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...