ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

10 ТАМЫЗ - АБАЙ КҮНІ

17:18, 10 тамыз 2021

Мемлекет басшысының қаулысымен Абайдың 175 жылдығында Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні деп белгіленді. Осыған орай бүгін Петропавл қаласында бірнеше мәдени іс-шара ұйымдастырылып, ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы Абай Құнанбайұлының күні. Осыған орай, орталық саябақтағы  Абай Құнанбаев пен Александр Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.  Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.  Облыс орталығында өткен шараға СҚО әкімінің орынбасары - Ғани Нығыметов пен мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысып, ақын рухына тағзым етті.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Абай күні құтты болсын. Баршымыз білеміз, былтыр Абайдың 175 жыл мерейтойы өтты. Республика көлемінде керемет аталып өтті. Өкінішке орай пандемия болды, бірақ, жалпы көптеген іс-шаралар өтті. Абай біздің ұлы бабамыз, ұлы біздің жазушымыз. Оның мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы. Абайды біз әрдайым оқимыз, ұғынамыз, қайтадан оқимыз.

Шара барысында тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбраева Абайдың кісілік келбеті жайлы, оны еңбектері мен өсиеттерін тілге тиек етті. Осы күнге дейін ұлы ақын туралы жазылған құнды мақалаларға шолу жасады.

АҚМАРАЛ ЫБРАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОРЕКТОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Бүгін жалпы Қазақстанның әдеби өмірінде, онымен бірге мынау, әлемдік деңгейде үлкен, маңызды күндердің бірі болып табылады. Өйткені бұл күні – қазақстың ұлы ақыны, ойшыл, философ, қазақ жазба әбедиетінің негізін қалаған Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күннің ерекшелігі – бұл күні қазақ әдебиетінде, қазақ тарихында, жалпы қазақ халқында үлкен тұлға дүниеге келді.   

Айта кетейік, бүгін Абай күніне орай қалада түрлі онлайн және офлайн шаралар ұйымдастырылды, сондай-ақ, облыстың барлық аудандарында да түрлі мерекелік іс-шаралар өтті.

Индира Ахатқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...