ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

«30 ЖЫЛ 30 ЕСІМ» ҰЛТТЫҚ ЖҮЛДЕСІНІҢ ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

11:00, 24 қараша 2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы жылдар ішінде ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауын жариялайды. Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады.

Әр аталым бойынша 5 үміткер  сарапшылардан құралған арнайы комиссия  шешіммен іріктеліп, дауыс беруге шығарылды. Телерадиокорпорацияның ресми сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады.

Байқау:

- Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін; 

- Қоғамдық белсенділігі үшін;

- Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін;

- Кино саласына қосқан үлесі үшін;

- Спорт саласындағы жетістіктері үшін;

- Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін;

- Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін;

- Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін;

- Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін;

- «Әдебиет» аталымдары бойынша өтеді.

Ұлттық жүлдеге үміткерлер арасында  қоғам қайраткері Асылы Осман, медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, әнші Димаш Құдайберген, кино режиссері Ақан Сатаев, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам, білім беру ісінің үздігі Аягүл Миразова,  ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бар.

Дауыс саны арқылы қазақстандықтардың кең қолдауына ие болған жеңімпаздар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік қарсаңында өтетін арнайы кеште марапатталады.


Үміткерлерге дауыс беру https://vote.kaztrk.kz/

 

СТАРТОВАЛО ГОЛОСОВАНИЕ ЗА КАНДИДАТОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ ПРЕМИИ «30 ЖЫЛ 30 ЕСІМ»

В честь 30-летия Независимости Казахстана телерадиокорпорация «Казахстан» объявила о проведении национального конкурса «30 лет - 30 имен». Телевизионная премия будет вручена казахстанцам, внесшим особый вклад в развитие страны, людям, добившимся успехов в различных сферах государства за годы независимости.

На победу в каждой номинации претендуют 5 кандидатов, все они были отобраны специальной экспертной комиссией. Победителей выберут казахстанцы. Всенародное голосование продлится до 30 ноября. Оставить голос за своего кандидата можно на на официальном сайте телерадиокорпорации qazaqstan.tv

Номинации:

-  вклад в развитие здравоохранения РК;

- активная общественная деятельность;

- заслуги в области культуры;

- вклад в развитие киноиндустрии;

- за спортивные достижения;

- за вклад в развитие науки;

- за вклад в развитие образования;

- за вклад в сельское хозяйство и агропромышленный комплекс;

- за вклад в развитие традиционного искусства;

-  литература.

Среди номинантов на получение национальной премии - общественный деятель Асылы Осман, доктор медицинских наук, академик Серик Акшулаков, певец Димаш Кудайберген, кинорежиссер Акан Сатаев, профессиональный боксер, бронзовый призер Олимпиады в Пекине Канат Ислам, Герой Казаxстана, заслуженный учитель РК Аягуль Миразова, поэт, лауреат Государственной премии Улыкбек Есдаулет.

Номинанты, получившие максимальную поддержку казахстанцев, будут награждены 16 декабря – на торжественном празднике в День Независимости.


Голоса принимаются по адресу https://vote.kaztrk.kz/

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...