ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

5 СПЕКТАКЛЬДІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ БОЛАДЫ

17:23, 29 қыркүйек 2020

Жыл соңына дейін Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры көрермендерін 5 жаңа қойылыммен қуантпақ.  Биыл алғашқы спектакль қыркүйектің 16-сы күні сахналанды. Карантиндік шектеулерге байланысты «Шоқан» драмасын облыс тұрғындары онлайн режимде тамашалады. Келесі премьера қазанның 21-не жоспарланған. Бұл және өзге де ақпарат театр ұжымы ұйымдастырған брифингте айтылды.

Осыдан 20 жыл бұрын облыстық қазақ сазды драма театрының сахнасында «Аққан жұлдыз» пьесасы негізінде спектакль сахналаған болатын. Биыл қара шаңырақ ұжымы 22-ші маусымын «Шоқан» премьерасымен ашты. Онлайн режимде өткен көрініске актерлармен қатар, этнофольклерлық ансамбль, симфониялық оркестр мен «Сенситив» би  ансамблі жұмылдырылды. Театрдың алдағы жоспары ауқымды. Жыл соңына дейін 5 жаңа спектакль сахналанбақшы. Оның 2-уі балаларға арналған ертегі болса, 3-уі Қазақстанда аталып отырған айтулы даталарға орайластырылмақ. Қараша айының алғашқы онкүндігінде «Абай жолы» қойылымы көрерменге жол тартатын болады.       

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ұлы Абайдың 175 жылдығына «Абай жолы» спектаклін сахнамақпыз. Қоюшы режиссері Фархад Молдағали болмақ. /00-36 /Театрдың 20 жылдығын қамтитын кітап әзірлеу үстіндеміз. Тарихқа, қызық кездерге толы 100-ге жуық спектакль жайлы кітап шығарамыз.

Биыл күтілетін ірі жобаның бірі Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романына негізделген драма. Ол Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай сахналанады.Ұлы ойшылдың өмірінен сыр шертпек. Спектакльге 20дан астам актер жұмылдырылып, екі би ансамблі қатыспақ.

ФАРХАДБЕК ҚАНАФИН, РЕЖИССЕР:

Әл-Фараби қойылымы бұрын ешбір жерде қойылмады. Шығыстық үлгідегі, сол дәуірдің тынысын беретін қойылым болмақ. Дайындықты қыркүйектің ортасынан бастадық. Премьерасы қазанның 21-і күні жоспарланған.

Биыл театр жаңа мамандармен толықты. Олардың қатарына режиссер, хореограф пен актерлер қосылды.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...