ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

АҚЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

17:20, 6 сәуір 2021

Кітап - алтын сандық, іші толған қазына. Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында халықаралық балалар кітабы аптасы аталып өтті. Іс-шара аясында балалар жазушылары оқушылармен кездесті. Сұрақ-жауап  ретінде өткен жиында  Клавдия Чепурко мен Ольга Хухлова балаларға өздерінің шығармашылығы жайында баяндап, өлеңдер оқыды.  

Клавдия Чепурко 30 жылдай медицина саласында офтальмолог дәрігер болып қызмет атқарған. Оның өлең жазуға деген қызығушылығы немересі дүниеге келгеннен кейін оянған. Айталық ақынның «Большая книга для Алеши» кітабында немересінің туғанынан балабақшаға барғанға дейінгі кезең суреттеледі.  Ал «Азбука Алеши» кітабы классикалық нұсқада жазылған.

КЛАВДИЯ ЧЕПУРКО, БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ:

- «Кітаптарды басып шығаруға балаларым ұйытқы болды. Олар маған туындыларымды безендіруге көмектесті. Ал жолдасым ұйымдастыру және қаржылық мәселені өз мойнына алды. Тағы бір кітапқа жетерлік өлеңдерім дайын тұр. Бірақ кітапты безендіру жұмыстары  біраз уақыт алады.»

Кездесуде сонымен қатар балалар ақыны  Ольга Хухлованың да өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Қаламгер түрлі тақырыпта қалам тербейді. Ақынның шығармашылық қоржынында 4 кітап бар. Олар: «Солнышка», «Радуга», «Веселый счет» және  үй, жабайы жануарларға арналған туындысы.

- «Кітаптар өте қызықты. Маған ұнайды. Алып оқитын боламын.»

- «Балалар оқу керек. Себебі өте қызықты тәрбиеге үйретеді. Мен барин оқығым келеді. Оқимын.»

Шығармашық кездесуде ақындар өздерінің  өлеңдерін оқып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...