ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

АТА-БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

13:04, 2 тамыз 2021

Өлі разы болмай, тірі байымайды. М.Жұмабаев ауданы Арал-ағаш ауылының тумалары жиналып, ата-баба рухына тағзым етті. Сонау 1949 жылы құрылып, 1987 жылы тараған елді мекен тұрғындары әлі күнге дейін ауызбіршіліктен айырылған емес. Әр екі-үш жыл сайын бас қосып, аталарының рухына құран бағыштап, ас беруді дәстүрге айналдырған. Туған жерге тағзымы биік азаматтармен арна тілшілері тілдесіп қайтты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Арал-ағаш ауылы. Бұл жай атау ғана. Ауылдың өзі сонау 1987 жылы тарап кеткен. Дәл қазір елді мекен орынында тек ескі зират пен шағын ормандар ғана қалған.

Жол жиегіндегі ауыл атауы жазылған белгі болмаса, әр жерде топтасқан ақ қайың мен шалғынды далаға қарап кезінде бұл жерде ауыл болғанына сену қиын. Кезінде 90-нен астам үй түтінін түтетіп, тірлігін түлеткен. Ауыл тарасада әр екі-үш жыл сайын бас қосып, ата-бабаларының рухына құран бағыштайтын ауыл тұрғындары бұл жолы да дәстүрден жаңылмады.

ЗЕЙНОЛЛА ОЛЖАБАЕВ, АРАЛ-АҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ, ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Мына ауыл жабылғаннан кейін барлығңыз әр жақа тарап кеттіңіздер. Еліміздің тағдырымыз осы. Сендер Батыр баянның ұрпағысыңдар. Біреуің жиен, біреуің немере, енді біреуің шөересіңдер. Мен алтыншы ұрпағымын, мені балам жетінші ұрпағы.

Арал-ағаш ауылы тумаларының басым бөлігі есімі әйгілі Батыр Баянның ұрпақтары. Елді мекеннің маңайында көне зират бар. Ескі деуіміздің себебі алғаш рет мұнда 3 ғасыр бұрын адамдар жерлене бастаған екен. Ауыл азаматтары жыл сайын келіп, зиратты тазартып, қоршауларын жаңартып отырады. Әрі ата-баба рухына құран бағыштайды. 

КӘМИЛА ӘЛІБАЕВА, АРАЛ-АҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

- Менің атам, бауырларым, әкем жатыр мына жерде. Індеттің кесірнен ешқайда шықпай, көрісе алмай қалып едік. Енді міне, Алматы, Астана, басқа қалалардан келіп қауышып жатырмыз. Тағы келеміз бе, келмейміз бе. Мүмкін соңғы келуіміз шығар. Өте қуаныштымын, қашама халықты көріп жатырмыз.

Зират маңына шатыр тігіліп, жиналған жұртқа ас берілді. Облыс орталығынан имамдар шақырылып, құран оқылды. Бас қосқан ауыл азаматтары арқа-жарқа болып, баяғы дәурендерін еске алысты. Айтуыларынша 70 жылдары елді мекеннің аты дүркіреп тұрған. Ауыл жастарынан жиналған театр ұжымы құрылып, мәдениет үйі, мектеп болған. Төрт-түліктің санынан шатасатын сәттерін де тілге тиек еткендері болды.

АМАНЖОЛ БАЙМҰРАТОВ, АРАЛ-АҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

- 1976-77 жылдары Иосиф Ивонович Миллер деген совхоз директорының арқасында ауыл құри бастады. Жұмысты алып кетті, мәлениет үй мен мектепті жауып тастады. Содан азамттар көше бастады. 87 жылы соңғы отбасылар көшті.

Бүгінде  аралағаштықтар жан-жаққа бытырап кеткен. Бірақ, туған жерін қимай, сол маңда кәсіп дөңгелетіп отырғандар да бар. Мысалы Қаһарман Құлжабаев осында егіншілікпен айналысады. Әрі ауылды еске салатын жалғыз ескеркіш, киелі зиратқа бас көз бол жүр.  

ҚАҺАРМАН ҚҰЛЖАБАЕВ, АРАЛ-АҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

- Еліміз ыстық бәрімізге. Ел болып, жұр болып осы Баян Батырдың туған жері. Бір ауылдың ішінде ағайынды-туыс болып тұрдық. Еліміз ыстық.

Жианлғандар арасында еңбектеген сәбиден, еңгейген қартқа дейін бар. Балаларды ата-бабаның рухына, үлкендерге құрмет көрсетуді үйретіп, ағайындық, туыстық сынды игі қасиеттерді бойына сіңіріп өссін деген мақсатпен әкелдік дейді ата-аналары.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:49, 22 қыркүйек 2021
ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
20:44, 22 қыркүйек 2021
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...