ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

БІР-ЕЛ, БІР-ХАЛЫҚ

20:48, 28 сәуір 2021

Берекені көздеген ел мерекелік тірлік жасаудан жалықпаған. 1 мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарсаңында С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Дуслық» татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі Зулейха Бикметова тікелей эфирде оқырмандармен кездесті. «Бір- ел, бір-халық» тақырыбында өткен  кездесуде құрметті мейман Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  өзі мүшелік етіп отырған мәдени орталықтың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда Республика Президентінің жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Жиырма жылдан астам тарихы бар институт қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан өткерді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ассамблеяның ХХІХ сессиясы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өтуда. Бүгінгі таңда облысымыздан Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрамына 14 адам мүшелікте. Өзгені жат қылмай бауырына баса білген қазақ халқына өңіріміздегі өзге ұлт өкілдері шексіз Алғыс айтудан тайынбаған. Әлеуметтік желіде тікелей эфирде өткен кездесуде Зулейха Бикметова оқырмандарға татар-башқұрт этно-мәдени  орталығының белсенділерінің туындыларын да таныстырып тәуелсіздіктің бәрінен қымбат екендігін сөзге тиек етті.

ЗУЛЕЙХА БИКМЕТОВА, «ДУСЛЫК» ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- «Бүгінгі кездесуде мен София Султанованың  «Бегом в другую жизнь» туындысы мен  Раиса Бекмухамбетованың «Все мы дети земли» кітабын және сабантойдың 20 жылдығына арналған «Сабантуй в Петропавловске» журналын таныстырамын. Биыл сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл дата қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері үшін де маңызды. Аға буын өкілдері кейінгі ұрпаққа қиын қыстау кезеңдерде құшақ жайып бауырына басқан Қазақ халқына, қазақ жеріне құрмет көрсетіп, Алғыс айтудан тайынбау керектігін әрдайым айтып отырады.»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...