ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БИШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

20:47, 14 шілде 2021

3 гран при, 4 бірінші орын. Петропавлдық «Станцыя» бишілер ұжымы New Format Award халықаралық байқау-фестивалінің жеңімпазы атанды. Сайыс шілденің 1мен4 аралығында Ақмола облысы, Бурабай қаласында өтті. Жарыста 100ден аса  ұжым заманауи биде өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздармен арна тілшісі танысып қайтты.

 «Станцыя» бишілер ұжымы 2020 жылы құрылғанымен, бүгінде 9 көркемдік жетекші, жүзден аса биші бар. Олар өңірде бидің заманауи түрін дамытуды қолға алып отыр. Бір жыл көлемінде 80нен аса байқауға қатысып, түрлі номинациялардың жеңімпазы атанып келеді.  Бишілер Бурабай қаласында өткен «New Format Award», яғни «жаңа форматтағы премия» атты халықаралық сайыс-фестивалінде 4 күн қатарынан бақтарын сынап, бас жүлде 1 млн тг-ге ие болды.

ЗАРИНА ОСПАНОВА, «СТАНЦЫЯ» БИ ҰЖЫМЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Жалпы командалық есеп бойынша біздің өнеріміз жоғары бағаланып, гран приге ие болдық. Біздің шағын ғана тобымыз үшін бұл бірнеше айлық еңбегіміздің жемісі, үлкен жетістік деп есептейміз.   Біз көше биі және контемпорари бағытында өнерімізді көрсеттік.

Жаңа форматтағы премияда елдің түкпір түкпірінен 100 би ұжымы  540 қатысушы оннан аса аталымда бақ сынады. Өнерпаздардың кәсібилігін Нұр-сұлтан мен Мәскеу қалаларының ең танымал, мықты бишілері бағалады. Би ұжымының негізін қалаушы Есмұхамед Имамбаев бишілердің сахнадағы жоғары деңгейдегі шеберлік пен биді орындаудағы кербездік пен икемділіктің әдемі үйлесіміне баса назар қоямыз дейді.

ЕСМҰХАМЕД ИМАМБАЕВ, «СТАНЦЫЯ» БИ ҰЖЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мен бимен 15 жасынан кәсіби түрде айналысамын. Қазақстанның ең танымал и ұжымдарында жұмыс істеп, туған қалама оралуды шештім. Шаһарда бидің замануи түрлерін дамытуды қолға алып, осы ойды қолдайдын адамдармен бірлесе бұл студияны аштық. Барлық көркемдік жетекшлілердің 10 жылға жуық тәжірибесі бар кәсіби мамандар. 

Би ұжымының ең кішкентай қатысушысы Самира Жұмағұл. Жасы 7-де. Өміріндеге ең бірінші сайыс «жаңа форматтағы премияда» жеке нөмір көрсетіп, контемпрари жанрында биіктен көрінді.

САМИРА ЖҰМАҒҰЛ, БИШІ:

- Бұл сайысқа  хореографпен 1 ай көлемінде дайындалдық. Қатты қобалжыдым, өйткені жалғыз өзім өнер көрсеттім. Бірақ өз өзімді қолға алып, жақсы биледім деп ойлаймын. Ата-аналарым мен жақындарым бұл жетістігіммен мақтан тұтады.

Би ұжымының мүшелері жеңіп алған қаражатқа жаттығатын залдарында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа сахналық киімдер тіктіртуге жұмсамақ.

Жанбота Естайқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ   ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:41, 3 тамыз 2021
«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...