ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӘДЕБИ МАРАФОННЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

20:39, 6 маусым 2022

6 маусым орыс ақыны Александр Пушкиннің туған күні. Орыс тіл-әдебиетінің негізін салушы ақынның құрметіне орай бұл күн орыс тілі мерекесі болып саналады.  Осыған орай Петропавлдағы достық үйінде ұлы ақынның шығармаларын оқудан өткен марафонның жеңімпаздары марапатталды. 

Марафон орыстың белгілі ақыны А.С. Пушкиннің шығармашылығына арналды.  Қатысушыларға қойылған жалғыз талап -  ақынның сүйікті шығармасынан үзінді оқып, оны Instagram әлеуметтік желісіне сәйкес хэштегпен орналастыру. Барлығы 60 қатысушыдан 16 өтінім келіп түсті. Байқауға тек солтүстікқазақстандықтар ғана емес, Шымкент, Қызылорда, Тараз сынды оңтүстік қалалардың тұрғындары да қатысты. Айта кету керек шараны орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы ұйымдастырды.

НАТАЛЬЯ РИМСКАЯ-КОРСАКОВА, "ОРЫС, СЛАВЯН, КАЗАК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЗТБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Орыс славян және казак ұйымдарының қауымдастығы мұндай әдеби іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Ал  марафон алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біз ойлағаннан да көп өтінім келіп түсті. Бұл іс- шараны дәстүрге айналдыру жоспарымызда бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша іс-шараның мақсаты - өңірде орыс әдебиетінің жауһарлары саналатын шығармаларды насихаттау. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Петропавлдағы 17 орта мектептің 1 сынып оқушысы Александра Горбань жеңіп алды.

 АЛЕКСАНДРА ГОРБАНЬ, САЙЫС  ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Өлең жаттап, оны мәнерлеп оқығанды жақсы көрем.  Бас жүлдені жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Өлеңді небәрі 2 күннің ішінде жаттап алдым.

 ӘМІРЕ АҚБАТАЙ, ТІЛШІ:

- Ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқығандар арасында әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері де болды. Шара соңында жарыс жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай ақ сайысқа қатысқан барлық балаларға ақынның таңдаулы шығармалары жазылған кітаптар сыйға берілді.

 

Әміре Ақбатай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар