ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫМЕН»

20:38, 19 қараша 2021

«Елбасы жолымен». Осындай атаумен облыс орталығында жас ұрпақ өкілдері  үшін түрлі мәдени нысандарға экскурсия жүргізілді. Оған оқушылар мен студенттер қатысты.

Алдымен жастар  Абылай хан Резиденциясының мұражай кешеніне барды. Мұнда оқушылар мен студенттер қазақ хандығының құрылу тарихымен танысты. Ұлы батырлардың ерліктері жайында сөз етілді. Содан кейін делагация өкілдері өлкетану мұражайына да соқты.  Бұл жерде оларға еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еліміздің  Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтылды. Соңғы онжылдықта Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі тарихтағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Ал   2017 жылы ел астанасы- Нұр-Сұлтан қаласында Ехро халықаралық көрмесі өтті.

- 2017 жылғы Универсиада-бұл біздің мемлекетімізде өткен маңызды халықаралық спорттық одада Қазақстан құрамасы жүлелі орындардан көрінді. Мысалы жерлес шаңғышы Ринат Мухин күміс медальға ие болды. Содан кейін Азия ойындарында алтыннан алқа тағынды. 

Қазақстан білім саласында да көптеген жетістіктерге жетті. Мысалы 2008 жылы Елбасының бастамасымен еліміздің қалаларында Назарбаев зияткерлік мектептері ашыла бастады. Оқу орындары өскелең ұрпақтың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға, әрбір оқушының көшбасшылық қасиеттерін ашуға бағытталған. Кейін экскурсияға қатысушылар ботаникалық баққа да барды. Бүгінде елімізде осындай 6 орын бар екен. Биыл Петропавл бағына 109 жыл. ол тек солтүстік аймақтың ғана емес, бүкіл елдің мәдени мұрасы болып саналады.

- Бүгінгі экскурсияда біз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болған кейбір жерлерді араладық. Бұл орындар өте қызықты. Әсіресе Назарбаев зияткерлік мектебінің кітапханасы ұнады.

- Бәрінен бұрын маған Абылай хан резиденциясында ұнады. Өйткені мен жақында осы тақырып бойынша презентацияны қорғадым. Әрқашан ол жерде болуды армандайтынмын. Бүгін міне сәті түсті. Қуанышымда шег жоқ.

Тұңғыш Президент күніне орай оқушылар мен студенттерге арналған бейресми жағдайда кездесу де ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуына және оның тәуелсіздігін сақтауға баға жетпес үлес қосқан тау тұлға.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Айта кетейік, мұндай кездесулер жыл сайын өткізіліп тұрады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...