ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

«ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ ӘЙЕЛДЕ» ФОТОКӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

13:06, 12 шілде 2021

Демалыс күндері Петропавл күніне орай СҚО әйелдер күші альянсы және облыстық іскер әйелдер қауымдастығы бірлесе отыра «Әлемнің кілті әйелде» атты фотокөрме ұйымдастырды. Тұрғындар назарына өңірдің түрлі саласын дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар келіншектердің фотосы ұсынылды. Ерекше көрме туралы келесі бейнесюжетте.

Әлем халқының тең жартысын әйелдер құрайды. Бүгінгі таңда олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтпеске болмайды. Заманауи өмірде бизнесті де, басшылық қызметті де, әскери саланы да меңгергеріп, өз ісін жүз пайыз білетін қыз-келіншектердің қатары күн санап артып келеді. Мұнымен қоса, үйдің тірлігін де қатар алып жүреді. Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесік тербеткен  әйелдердің еңбегін үнемі елеп отыру керек, дейді көрме ұйымдастырушылары.

ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ , СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі көрме солтүстікқазақстандық нәзік жандар үшін тарихи оқиға болғалы отыр.  Петропавл күніне орай шаһардың дамуына үлес қосып жүрген әйелдердердің фото бейнелері мен еңбек жолы жазылған ақпарат барша тұрғындар алдында назарға ұсынуды жөн көрдік. Мұндай қыз келіншектер қаламызда өте көп. Арнай комиссия мүшелерін құрып, ең белсенділерін анықтап алдық.  Аталмыш көрме алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамыз.

Фотокөрмеге әр салада жетістікке жеткен петропавлдық арулардың бейнесі қойылған. Қарапайым жұмысшыдан, Бақ өкілдері,жазушылар мен блоггерлер,мемлекеттік қызметшілер мен әскерилер  білім және мәдениет саласында еңбегімен елге сыйлы болған жандар туралы көпшілікке кеңінен таныстырылды. Жалпы отыздан аса фото картина жиналған. Қала тұрғындары мұндай көрме идеясын ыстық ықыласпен қабылдады.

- Көрмеде келіп қаншама нәзік, сұлу,   әрі білікті мамандармен танысып жатырмын.

- Менің ойымша мұндай көрме жиі өткізіліп отыруы тиіс. Қала тұрғындары Петропавлдың мәдени тұрғыда дамуына үлесін тигізіп, кәсіби мамандардың қатарын толықтырып жүрген әйелдерді тануы тиіс деп есептеймін.

 «Әлемнің кілті әйелде» атты көрмесі Қызылжар арт алаңында бір аптаға жалғаспақ.

Д

Тақырып бойынша материалдар

«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ   ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:41, 3 тамыз 2021
«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...