ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК Толығырақ

ЕЛОРДАЛЫҚ МАМАННЫҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

17:20, 23 ақпан 2021

Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Жалынбек Ахан С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерлерімен шеберлік сағатын өткізуде. «Сахна қозғалысы және сайысы» пәні бойынша сабақ беретін елордалық шебер өнер ұжымына жаңа әідспен бірқатар маңызды дүниелерді үйретпек.

Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған енді міне Қызылжар өңіріне ат басын бұрған Жалынбек Ахан С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерілеріне «Сахна қозғалысы және сайысы» пәні бойынша сабақ бермек. Ол актерлерге сахнада қалай дұрыс тыныс алуды, сол деммен қалай жұмыс істеу керектігін және оның маңызды тұстарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, ерекше әдіспен шеберлік сағатын өткізеді. 

ЖАЛЫНБЕК АХАН, НҰР-СҰЛТАН Қ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

Негізі актер ол мамандық емес, диагноз дейді ғой. Сол мынау негізгі диагноз ол – дем. Демнің өзі вокалдық және сахна – тілдік дем деп екіге бөлінеді. Бұл жерде сахна қозғалысындағы дем айтылмайды. Сондықтан осы тұрғыдан жұмыс істеп жатырмыз. Бұл үлкен жаңалық. Бүгін дұрыс тыныс алуды меңгеріп жатырмыз, ертең дем мен қимыл іс әрекетті қосамын. Одан кейін құлау, жығылу, шалыну ал, одан кейін қару-жарақты қосамын. 

Шебердің бұл салада жүргеніне 20 жылға жуық.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

- Бұл кісінің бағыты бізге өте керек нәрсе. Дем алу мәселесі тек қана сахнада ғана емес жалпы өмірде де тыныс алудың ең ойтайлы, дұрыс жолдарын үйрену, бойымызға сіңіру және күнделікті өмірде қолдаун бізге өте қажет. Сонымен қатар бұл кәсі тек қана демімізді қоймай, сахна қозғаоысынан да біраз сабақтар бәреде . Сондықтан Жалынбек ағамызмен бірігіп жақсы жұмыс істейміз деген ойдамыз.

Шеберлік дәрісі бес күнге шақталған.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОС БАТЫРДЫҢ БІРІ – ҚҰЛЕКЕ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
17:24, 24 ақпан 2021
«ҚОС БАТЫРДЫҢ БІРІ – ҚҰЛЕКЕ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
17:15, 19 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:42, 18 ақпан 2021
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...