ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА

20:40, 12 мамыр 2021

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап ғылыми кітапханада Кеңес одағының батыры Ысқақ Ыбыраевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ерлігі елге өнеге» атты кеш өтті. Жиынға батырдың туған-туысқандары мен жерлестері, еңбек ардагерлері мен колледж студенттері қатысты.

Ысқақ Ыбыраев СҚО-да 1911 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Жанұяда 5 ұл бір қыз бала болған. Қиын қыстау кезде әке мен шешесі күндіз-түні жұмыс істеп, барлығына бірдей білім алуға көмектескен. Ысқақ Ыбыраев 1930 жылы Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені бітіріп, Есіл ауданындағы Орталық, Бірлік, Жарқайың аудандарында 12 жыл мұғалім болды.

ӘЛИЯ ЫБЫРАЕВА, Ы.ЫБЫРАЕВТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Менің әкем Ысқақ Ыбыраевтың туған інісі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұғалімдерге майданға бармауға рұқсат етілді. Алайда, Ыбыраевтар отбасының ұлдары өз еркімен соғысқа аттанып ерлік көрсетті. Менің әкем мен Ысқақ ағамыздың араларында ерекше байланыс болды. Бір -біріне деген құрмет, ағалық қамқорлық, бірін-бірі әрдайым қолдап жүрген. Осы қасиеттерді көріп өсгендіктен, өзімнің 7 аға-сіңліммен де осындай қарым-қатынастамыз.   

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1 млн-нан аса қазақстандық майданға аттанды.  Солардың қатарында Ысқақ Ыбыраев та бар. Ол 1942 жылдың  қазан айында Балтық жағалауы майданына жіберіліп, 50-полк рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Висла-Одер операциясы барысында Ыбыраевтың взводы жаудың қорғанысын басып алып, ерлік көрсетті. Ол үшін 1945 жылы 27 ақпанда  «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Бүгінгі кешке жиналған жас ұрпақ батырдың кешкен өмірі жайлы Ысқақ Ыбыраевтың туған немересінен ести алды.

САЯН ЫБЫРАЕВ, Ы.ЫБЫРАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

Атамның  Серік және Қарлығаш деген екі баласы бар. Өкінішке орай олар әкесінен ерте айырылды. Мен де атамды көрген жоқпын, бірақ ол жайында талай естідім. Өз әкемнен атам туралы жиі сұрайтынмын. Әкемнің айтуынша, Ысқақ атам соғыс жылдары туралы айтқанды ұнатпаған. Бірақ өз ұрпағынан жұмысына деген ынтаны, жауапкершілікті, өз сөзінде тұратын азамат болуды талап еткен. Біз осы өсиетін бүгінге дейін бұлжытпай орындап келеміз.

Ысқақ Ыбрыраевтың құрметіне оның есімімен Петропавл қаласында көше, Шал ақын ауданында ауыл аталған. 

Жанбота Естайқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...