ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

«ЕСТЕЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛДАРЫМЕН»

20:44, 13 қыркүйек 2021

Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Естелік және бейбітшілік жолдарымен» атты халықаралық жобасы экспедициясының делегаттарымен кездесу өтті. Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Естелік пен бейбітшілік жолдарымен» халықаралық жобасын жүзеге асырып жатыр. Мақсаты – қазақ тарихын насихаттау. Аталған халықаралық жоба Қазақстан мен Ресей гуманитарлық диалогының тағы бір байланыстырушы буыны болмақ.

ҮМІТХАН МҰҢАЛБАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

  • Бүкіл Ресей елін аралап, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге басымызды иіп, тағзым етіп келе жатқан жағдайымыз бар. Ол жақтан біз Омбы қаласына барып, сол жерде қазақ қауымдастығымен кездесіп, және кітапханада Орталық кітапханасында мәдени орталық аштық. Енді аттын басын осы Сәбит Мұқанов атындағы кітапханаға бұрып, келіп отырмыз.

Экспедицияға қатысушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлері – майдангер жазушы Кемел Тоқаев пен ағасы Қасым Тоқаевтың жолдарымен жүріп өтіп, Мәскеу мен Мәскеу облысы аумағында жауынгерлер жерленген орындарға барды.

ҮМІТХАН МҰҢАЛБАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

  • Конфуцийдің жақсы бір сөзі бар ғой,  тізеңмен құласаң – көтеріп алады, рухпен құласаң – таптап тастайды,-дейді. Сол себепті біз – рухты биік ұстайтын халықпыз. Ол кітапхана қауымдығына да тікелей қатысты. Мысалы үшін, осы жердегі кітапханашылар рухани қазына деген үлкен фестивальдің биылғы қорытындысы бойынша СҚО-ның ауылдық кітапханасы жүлдегер болды.  Және екі жыл өздері осы Сәбит Мұқанов атындағы кітапханасы жыл бойы жүлдегер болып жатады.
  • ЗКТ: Қазақстан және ресей зиялы қауымының кездесулері мен бірлескен іс-шаралары мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда, екі ел арасындағы бірыңғай мәдени-патриоттық кеңістікті қалыптастыруда тағы бір көпір болып келеді.

Индира Ахатқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:49, 22 қыркүйек 2021
ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
20:44, 22 қыркүйек 2021
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...