ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20:43, 14 сәуір 2021

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ғылыми-теориялық семинар өтті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Конференцияны ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасы өткізді. Еліміздің әр өңірінен келген оқытушылар мен студенттер өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды. Жалпы семинардың негізгі бағыты- тәуелсіз Қазақстанның этноконфессиялық қатынастары және Қарулы күштердің дамуы саласындағы жетістіктері. Кездесу барысында 35-ке жуық жұмыс жолданды. Айта кетейік, мақалалар сәуірдің 27-сіне дейін қабылданады.  

БАҚЫТ ҚАЛИЕВ, ҚР ҰҰ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

«Қазақстанның әр аймағынан ғылыми жұмыстар жолданды. Оның арасында Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы  атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен біздің институт бар. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылардың жұмыстары топтастырылған жинақ жарық көреді.»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...